Skip to main content

Тосты, поздравления и пожелания на свадьбу, юбилей и день рождения, другие праздники на казахском языке

Ниже представлен сборник свадебных казахских тостов и поздравлений на казахском языке. Можете выбрать для себя что-то из них или заказать персональное пожелание у нас, как и выбрать любую услугу для  организации казахской свадьбы и другого праздника.

 

 Тосты на свадьбу на казахском языке

Тойларыңыз құтты болсын! Махаббатарыңыздың баянды болуын тілейміз! Бар армандарыңыз орандалсын! Қол ұстасыпб ұзақ өмір сүріңіздер! Бақытты, ұзақ өмір тілейміз! Өмірде денсаулық пен байлық, татулық пен ынтымақ тілейміз! Тойларыңыз тойға ұлассын! Балаларыңыз коп болсын, бақытты ұзақ өмір сүріңіздер! Жолдарың ашық, отбасыларың тату болсын!

Перевод:

Поздравляем вас с днем свадьбы! Желаем вам сохранить вашу любовь! Пусть сбудутся все ваши мечты! Живите долго рука об руку много лет! Счастливых долгих лет желаем! Желаем вам в жизни здоровья, богатства, мира и тепла! Пусть всегда у вас будет веселье! Желаем вам долго и счастливой жизни с кучей детей! Пусть будет светлою дорога, пусть будет дружною семья!

*  *  *

Қымбатты жас жұбайлар! Сіздерді заңды некелеріңізбен құттықтаймыз! Шын жүректен махаббатты мәңгіге сақтауларыңызды тілейміз! Бүгінгі күн - сіздердің өмірлеріңіздегі ең бақытты күн. "Үйлену оңай, үй болу қиын",- дейді халқымыз. Мен сіздерге өзара түсіністік, махаббат пен татулық тілеймін. Сіздерге тілейтініміз - бүгінгідей бақытты сәт өмір бойы бірге болсын!

Перевод:

Дорогие молодожены! Поздравляем вас с вступлением в законный брак! От чистого сердца желаем вам сохранить вашу любовь навсегда! Сегодня самый счастливый день в вашей жизни. В народе говорят: «Женится легко? Семью создать трудно». Я хочу пожелать вам взаимопонимания, любви и согласия! желаем вам пронести свое счастье через всю свою жизнь!

*  *  *

Аяулы күйеулер және қалыңдық! Қазiргiдей, отбасылық өмiр тiлектi сiздiң отбасылық ошағыңыздың жалыны дәл осылай күйiп-жанды сiздiң бақытты көздерiңiз жарық жылтырау үшiн сiзге тату және құмар болды!

Перевод:

Дорогие жених и невеста! Желаем вам, чтобы пламя вашего семейного очага горел так же ярко, как сейчас светятся ваши счастливые глаза, а семейная жизнь была дружной и страстной!

*  *  *

Махаббат мейлi сiздiкi ешқашан бiтпейдi! Мейлi барлық өткiзедi, не туралы армандайсыңыз! Өмiр мейлi ұзақ және әдемi, сiздiң үйiңiзде бала күлкiсi ешқашан өшетiн болмайды! Мейлi жылу әрдайым сiз, және жүрекке үйде! орнайды

Перевод:

Пусть любовь ваша никогда не кончается! Пусть сбудется все, о чем мечтаете! Пусть жизнь будет долгой и красивой, а в вашем доме никогда не смолкает детский смех! Пусть тепло всегда царит и в доме вашем, и в сердце!

*  *  *

Егер әлемдi жанұяда және орнатылса, сонда және аманшылық сiздiң үйiңiз тараппен айналып өтпейдi! Бiр-бiрiн сақтаңыз бұл өзi жоғарғы құндылықты, ата-аналар және әйел және күйеудi сыйлаңыз, өмiрдi сiзге iлтипатқа алатын әрбiр iлез сонда бақыт сiздi әрдайым қоса жiбередi қадырлейсiңiз!

Перевод:

Если в семье мир и покой, тогда и благополучие не обойдет стороной ваш дом! Берегите друг друга как самую высшую ценность, уважайте родителей и жены и мужа, цените каждое мгновение, что дарит вам жизнь, и тогда счастье будет сопровождать вас всегда!

 *  *  *

Бір ұлы дана " Біз өмірге шыр етіп келгенде емес, жүрегіміздегі махаббат сезімі оянған сәтте ғана өмірге келеді екенбіз. Өйткені махаббат адамға ұшатын қанат береді және де оны мейірімді етеді, сонымен қатар ол бүкіл әлемді өзінің жылуымен құшагына ала алады" деген екен.

Перевод:

Один мудрый человек сказал: «Мы начинаем жить ни с момента появления на свет, а с того момента как в нашем сердце начинает пробуждаться любовь. Потому что только любовь дает крылья человеку, делает его добрым, кроме того она своим теплом окутывает весь мир».

*  *  *

Қымбатты жас отаудың иелері, сендердің махаббаттарың Қозы мен Баянның махаббатынан кем болган жоқ. Барлық қиындыққа төтеп беріп, міне, бүгін екеуіңнің шаңырақ көтергендеріңнің куәсі болып отырмыз. Сендерге тілеріміз: махаббаттарың баянды болып, бір-біріңе деген ыстық сезімдерің суымасын, жұптарың жазылмасын деп тілейміз! Бастарыңа бақ құсы қонсын!

Перевод:

Уважаемые молодожены, ваша любовь была ничуть не меньше чем любовь у Козы и Баян. Мы смогли противостоять всем недугам, и вот сегодня мы все тут присутствующие тали свидетелями вашего воссоединения. Так примите наши пожелания: пусть ваша любовь будет верной, ваши чувства друг у другу никогда не остывали, будьте всегда вместе и не разлучайтесь! Пусть птица счастья никогда вас не покидает!

*  *  *

Егіз аққу сияқтанған достарым,
Бастапсыздар жұбайлы өмір - дастанын.
Мықты болсын тіккен ордаң - отауың,
Құтты болсын алғаш түндік ашқаның.
Бір ісіңнен асып түсіп бір ісің,
Шарықтасын құт - береке - ырысың.
Отауың да кішігірім - Отаның,
Мәнгі болсын, мәнгі болсын Ұлысың!

Перевод:

Как два белых лебедя,
Начинаете вы свою историю своей семейной жизни.
Пусть будет крепок ваш союз,
пусть будет прочным порог вашего дома.
Пусть все ваши начинания пойдут в гору.
Пусть будет чаша полным-полна!
Дом – это наша маленькая родина,
так пусть она будет крепка на века!

*  *  *

Құрметті ____________________!
Сендердің заңды некелерің құтты болсын. Сендерге Алатаудың шыңындағы ақ қардай таза пәк көңіл, сол шыңдардан сарқырай аққан кәусар бұлақтай мөлдір махаббат тілеймін. Сендерге алтын күздің ырысын, денсаулықтың қыстай мықтысын, көктемдей көл-көсір өмір, жаздай жадыраған өмір тілеймін. Қыздарың моншақты, ұлдарың оншақты болсын. Шаңырақтарыңның керегесі кең, терезесі тең, босағасы берік, еңсесі "Келісім сарайындай" биік болсын!

Перевод:

Дорогие ____________________!
Поздравляем вас законным браком!
Желаем вам чистой любви как снег вершин Алатау, кристально чистой любви как ручьи Алатау. Желаем достатка. Крепкого здоровья как мороза зимнего, весенней жизни и тепла летнего зноя. Чтобы были дочери бусинки, и десяток мальчиков. Желаем всего наилучшего, что есть на земле!

*  *  *

Жастарға тілейтінім: Зор денсаулық, ашық аспан, мөлдір махаббат! Шаңырақтарың биік болсын, керегелерің кең болсын, босағаларың берік болсын. Көңіл болса - ән де болады. Келісім болса – нан да табылады. Екі бастарың – үш болсын. Үш бастарың – төртеу болсын. Ата-аналарың сыйлап, екі жаққа бірдей қараңдар.

*  *  *

Желаем молодоженам: Крепкого здоровья, чистого мирного неба, Кристально чистой любви. Пусть будет крепким ваш очаг, будет хлеб – будет и песня. Единогласие – путь к достатку. Уважайте своих родителей, будьте взаимно вежливыми.

*  *  *

Бүгінгі заңды некелерің, Үйлену тойларың құтты болсын. Денсаулықтарың зор, Махаббаттарың баянды болсын! Ал "махаббат" байлық пен бақыттың қолдағанын ұнатады дейді, ендеше бай болыңдар, бақытты болыңдар! Үйлеріңде молшылык пен береке, бакыт пен шаттык, бірлік пен ынтымақ болсын! Араларыңда тек қана сыйластық пен түсіністік орналассын. Жолдарың ашық отбасыларың тату болсын. Өмірде қуаныштарда да, қиыншылықта да бірге болыңдар. Бірақ қуанышты сәттерің 100 есе артық болсын. Жұптарың жазылмасын, бірге қол ұстасып ұзақ өмір сүріңдер. Екі жаққа да сыйлы болыңдар! Аспандарың ашық болып, дастархандарыңнан қонақ үзілмесін! Екеуің осылай күлімдеп, жаркырап алдымызда жүре беріндер!

Перевод:

Разрешите поздравить вас с законным бракосочетанием! Желаем вам крепкого здоровья, пусть любовь станет вашей путеводной звездой. Пусть ваш дом будет полной чашей. Желаем вам, чтобы между вами царили взаимопонимание и поддержка. Пусть вам всегда сопутствует удача. Будьте вместе и в горе, и радости. Пусть радостных моментов в вашей жизни будет во сто раз больше, чем грустных. Никогда не расставайтесь, пройдите по жизненному пути, держась за руки. Будьте уважаемы всеми родственниками. Пусть небо над вами будет чистым и ясным! Пусть ваша семья прослывёт хлебосольной, а дом будет полон гостей.

*  *  *

Жастарға тілейтінім: Зор денсаулық, ашық аспан, мөлдір махаббат!

Перевод:

Желаю молодым: Крепкого здоровья, чистого неба и искренней (прозрачной) любви.

*  *  *

Тойларыңыз құтты болсын!

Перевод:

Поздравляем вас с днем свадьбы!

*  *  *

Махаббатарыңыздың баянды болуын тілейміз!

Перевод:

Желаем вам сохранить вашу любовь!

*  *  *

Қол ұстасыпб ұзақ өмір сүріңіздер!

Перевод:

Живите долго рука об руку много лет!

*  *  *

Бар армандарыңыз орандалсын!

Перевод:

Пусть сбудутся все ваши мечты!

*  *  *

Бақытты, ұзақ өмір тілейміз!

Перевод:

Счастливых долгих лет желаем!

*  *  *

Өмірде денсаулық пен байлық, татулық пен ынтымақ тілейміз!

Перевод:

Желаем вам в жизни здоровья, богатства, мира и тепла!

*  *  *

Балаларыңыз коп болсын, бақытты ұзақ өмір сүріңіздер!

Перевод:

Желаем вам долго и счастливой жизни с кучей детей!

*  *  *

Жолдарың ашық, отбасыларың тату болсын!

Перевод:

Пусть будет светлою дорога, пусть будет дружною семья!

*  *  *

Ата-аналарың сыйлап, екі жаққа бірдей қараңдар.

Перевод:

Уважайте родителей. Одинаково как с одной стороны, так и с другой.

Свадьба: подборка самых трогательных пожеланий молодоженам

Үйлену той: жас жұбайларға ең әсерлі тілектер топтамасы

Бір пәлсапа: «Іздеушілер көп болғанымен, тапқандар – табылмайды», - деген екен. Бүгінгі төрде отырған қос ғашық бір-бірін тапқан бақытты жандар екенінде күмәніміз жоқ. Олай болса, отауларың мәңгі нұрға бөленіп, сол нұрдың жарығы өмірлеріңе жол көрсетіп жүрсін! Шуақ шашқан шаңырақтарың биіктей берсін, үбірлі-шүбірлі болыңдар!

*  *  *

Кеш жарық, тойға жиналған қауым! Құрметті құда-құдағилар, құда болып төрге шыққандарыңыз құтты болсын! Құдаларыңыз мыңжылдық болсын! Құдалықтарыңыз мыңжылдық болсын. Ал, жас жұбайлар, құрған шаңырақтарыңның босағасы берік болсын! Қазақта жақсы сөз бар: «Тату үйге тақсырет жоламас», - деген. Тату-тәтті, бақытты өмір сүріңдер! Абыройдан ақ отау тігуге талпыныңдар! Өмір сүрудің екі негізі бар екен: Біріншісі – үйретуден аянбау; Екіншісі – үйренуден жалықпау. Міне, осы қағиданы басшылыққа алыңыздар.

*  *  *

Екі бұлақ бір арнаға тоғысты. Екі жүрек ұғынысты, табысты. Тілейікші аппақ арман-ағысты. Тұлпарға тән озып шығар шабысты. Жаңа отаудың шаңырағын көтеріп. Кел, достарым, жақсы тілек етелік! Үйленгендер – алтын сарай салғандар. Балалығы естелікке қалғандар! Қалады енді балалық шақ ертек боп. Кел, достарым, шаттық тойға ортақ боп! Екі жұбай – қатар тұрған періште. Бірге ұшсын бақ-болашақ – өрісте!

*  *  *

Құрметті жас-жұбайлар сіздерді заңды некелеріңізбен шын жүретен құттықтаимыз. Жана омірге аяк бастыныздар, басқан қадамдарыңызға гүл бітсін. Көтерген шаңырақтарыңыз биік, керегелері кең болсын. іші толы сәбидің үні болсын деп тілей отырып махаббаттарың мәнді де сәнді болсын дегім келеді. көлде жүзген қос аққудай махаббаттарың берік болсын…аспанда канша жұлдыз болса сонша бақыт тілеймін!

*  *  *

Ұлы сезім екі жасты ептеді, жалындаған екеуіне беттеді! Ырыс-дәулет үйлерінен кетпесін, ашу-дұшпан қанша қуса жетпесін! Ата-ана көздің жасын сықпасын, келін шырақ тапқан тиынын тықпасын! Үзілмесін бұл үйдегі тойларың, егіз тапсын қорадағы қойларың! Бала берсін етегіне жастардың, көзі шықсын көре алмаған қастардың! Тастай батып, судай сіңсін бұл келін, тапқын бес қыз, алты-жеті ұл келін!

*  *  *

Армысын айналайын күйеу бала. Қызымызға ертенгі сүйеу жарыңның жұлдызы, бол құндызы бол. Біз үшін Саядай дос біреу ғана. Ал …….. қолына қондырған ақ құсын құтты болсын. Біздің …….ды ешқашан ренжітпей аялап отет деп сенемін. Құрып жатқан шанырақтарыңыз ешқашан шайқалмай, іші сәбидін былдыры мен ойыншықтың сылдырына толы болғай. Тек қана Аллахтың ажарында, бақыттың базарында болыңыздар

*  *  *

Қос аққудай қос ғашыққа төрдегі бар бақытты мен тілеймін жердегі! Жалын атып жүректері сөнбесін, Ібілістің арбауына көнбесін! Бір-біріне серік болсын жалғанда, тау шыңындай биік болсын талғам да! Сүйіп өтсін бірін-бірі мәңгілік, ғұмыр кешсін өмірлерін ән қылып!!! Алтыннан ардақты, күмістен салмақты құдалар! Төрге шығыңыз, сырласып жанымыз қосылсын! Досымыз қуанып, дұшпанымыз тосылсын! Төреленіп төрге шыққандарыңыз құтты бола берсін! Әрдайым денсаулығыңыз мықты болсын!

*  *  *

Бақыт адамнын басына бірден қонбайды. Бақыт ең бірінші адамның аяғына қонады. Оны көтерген адам котереді. Көтермеген адам талтаңдап жүре алмай қалады. Одан кейінгі бақыт адамның аузына қонады. Оны көтерген адам көтереді көтермеген адамның аузынан ақ ит кіріп көк ит шығады дейді. Одан кейінгі бақыт адамның көз жанарына қонады дейді. Оны көтермеген адамның козін шел басып қасындағы жақындарын кормей калады дейді. Ал одан кейінгі бақыт адамның басына қонады дейді. Бұдан менің айтқым келіп тұрғаны – сендердің бастарыңа да тек бақ қонсын!

*  *  *

Құрметті отау иелері, сендерді бүгінгі шаңырақ көтеріп отырған мерекелеріңмен шын жүректен құттықтаймын! Осы ауылдың «ат байлар» беделді, сыйлы, улгілі отбасы болуларыңды шын жүректен тілеймін! Махаббаттарың баянды, өмірлерің бақытқа толы болсын!

*  *  *

Ұлы сезім екі жасты ептеді, жалындаған екеуіне беттеді! Ырыс-дәулет үйлерінен кетпесін, ашу-дұшпан қанша қуса жетпесін! Ата-ана көздің жасын сықпасын, келін шырақ тапқан тиынын тықпасын! Үзілмесін бұл үйдегі тойларың, егіз тапсын қорадағы қойларың! Бала берсін етегіне жастардың, көзі шықсын көре алмаған қастардың! Тастай батып, судай сіңсін бұл келін, тапқын бес қыз, алты-жеті ұл келін!

*  *  *

Кеш жарық, тойға жиналған қауым! Құрметті құда-құдағилар, құда болып төрге шыққандарыңыз құтты болсын! Құдаларыңыз мыңжылдық болсын! Құдалықтарыңыз мыңжылдық болсын.
Ал, жас жұбайлар, құрған шаңырақтарыңның босағасы берік болсын!
Қазақта жақсы сөз бар: «Тату үйге тақсырет жоламас», - деген. Тату-тәтті, бақытты өмір сүріңдер! Абыройдан ақ отау тігуге талпыныңдар!
Өмір сүрудің екі негізі бар екен:
Біріншісі – үйретуден аянбау;
Екіншісі – үйренуден жалықпау.
Міне, осы қағиданы басшылыққа алсаңдар, иншалла, бақытты боласыңдар деп ойлаймын.
Той ұрпақтан-ұрпаққа жалғаса берсін! Тойларың құтты болсын!

*  *  *

Таудан құлаған егіз арна қосылды – аяғы теңіз болғай! Бауда ойнаған екі құлынымыз бір ноқтаға бас сұқты – аяғы сегіз болғай!
Біздің ұлымыз – Сіздікі, Сіздің гүліңіз – Біздікі!
Барша гүлдің сыйлайтын ляззаты бір – сұлулық. Ұл-қыз – перзент, ортақ немере сүйіп қуанышымызды бір етелік!
Көзіміздің ағы мен қарасы – қос қошақанымыздың бақыты үшін келіңіз: түйісу болсын, соңынан сүйісу болсын! Құшақ жайып, төс қағысайық, қымбатты құдалар!

 

Үйлену тойға қызықты әңгіме

Бір күні бақ келіп жаңа отаудың есігін қағыпты:
- Кім-ей бұл? – депті жаңадан түскен жас келін.
- Мен Бақпын ғой, үйіңе кіргіз, - депті Бақ.
- Жоқ, есікті аша алмаймын: төргі үйде атам жатыр, ауызғы үйде өзіміз жатырмыз, - дейді келін.
Екінші күні есік тағы да тықылдапты.
- Бұл кім?
- Мен – Дәулетпін ғой, үйіңе қонып кетейін, - депті есік сыртынан Дәулет.
- Жоқ үй бос емес, - деп тағы да есігін ашпайды.
Үшінші күні есік тағы тықылдайды.
- Кім екен дейді? – дейді келін.
- Ынтымақ едім. Келін есікті ашып, Ынтымақты үйіне кіргізіпті. Барлығын естіп жатқан атасы сонда:
- Дұрыс жасадың, шырағым, ынтымақ орын алған жерге бақ пен дәулет өзі-ақ келеді, - деген екен.
Біз де отауларыңыздан өмірлік ынтымақ кетпесін деп тілегіміз келеді.

Үйлену тойға арналған өлең

Шарықтап бақыттың жүр өмір көгін,
Қосылған қос бәйтеректей, армысыңдар!
Той үстінде гүлдесін көңілдерің
Ақ ниетті көпшілік алңысынан!

Бұл жүрек қуанышқа тойған емес,
Сол алғыстан гүлдесін дала мынау.
Марат та сабау басты бойдақ емес,
Сен енді күйеу болдың, қарағым-ау!

Күтеді сыбағасын алдан көп күн,
Жаныңның оты мәңгі жалындасын.
Киноға жеке барар халден кеттің,
Сен енді келін болдың, қарындасым.

Кешегі ұяң Жанат қыз да бүгін келін атанды,
Енді адал ана болсын, адал сүйсін Отанды.
Марат-інім қос жұлдызға әке болсын ақ шашты,
Сол болашақ ұрпақ үшін берейін мен батамды.

*  *  *

Аяқ екеу, қол да екеу,
Көз дегенің – ол да екеу.
Екеу және құлақ та,
Жүрек жалғыз бірақ та.
Сондықтан да сол жүрек
Күйіп, жанып, өртеніп
Естісін деп лебізін
Іздейді екен серігін
- дегендей қос жүрек өмірлік серіктерін тапқан екен. Құрған шаңырақтарың биік, босағаларың берік, керегелерің кең болсын!

*  *  *

Аяқ екеу, қол да екеу, Көз дегенің – ол да екеу. Екеу және құлақ та, Жүрек жалғыз бірақ та. Сондықтан да сол жүрек Күйіп, жанып, өртеніп Естісін деп лебізін Іздейді екен серігін - дегендей қос жүрек өмірлік серіктерін тапқан екен. Құрған шаңырақтарың биік, босағаларың берік, керегелерің кең болсын!

*  *  *

Құрған шаңырақтарың биік, босағаларың берік, керегелерің кең болсын!
Үйлеріңнің іші жанға, сырты малға толсын! Екі жаққа да сыйлы болыңдар! Денсаулықтарың зор, Махаббаттарың баянды болсын!

*  *  *

"Махаббат" байлық пен бақыттың қолдағанын ұнатады дейді, ендеше бай болыңдар, бақытты болыңдар! Аспандарың ашық болсын, дастархандарыңнан қонақ үзілмесін!

*  *  *

Екі жастың көтерген шаңырағы биік,босағалары берік болсын! Махаббаттары баянды да тәтті болсын ! Өмірлері күндей, көңілдері гүлдей, армандары асқар таудай болсын ! Тату да тәтті өмір сүріңдер!

Поздравления с юбилеем 40 лет на казахском языке

40 деген көнбейтін жас құрыққа,
40 деген ұнайтын жас бар жұртқа.
Қамал алған құтты болсын жасыңыз,
Өрлей берсін өрге қарай тасыңыз.

*  *  *

Қырық жасқа толғаның –
Қырдан асып қалғаның.
Арманыңды жалға мың,
Бақ сыйласын алды күн.

Өмір мәнін шын ұқ та,
Қиялға өрле қырықта.
Өсиетін бабалар
Ешқашанда ұмытпа.

Қызығы көп қырықтың,
Өмір алға басты анық.
Гүлі жайнап үміттің,
Жүр әрдайым жас болып.

*  *  *

Ат жалын тартып қамал бұзатын 40 жасқа келген туған күніңіз құтты болсын!
Сіз талап пен жігер жетелеген өмір өрісінде өзгелерден озып дараландыңыз. Игі істеріңіздің қашанда оңға басуына, әр қадамыңыздың қарымды болуына, ел-қоғам алдында абыройыңыздың арта беруіне тілектеспіз. Аспаныңыз ашық, жүзіңіз жарқын, отбасыңыз берекелі, әр күніңіз мерекелі болсын!

Поздравления с юбилеем 50 лет на казахском языке

Құрметті отағасы! Ердің жасы – 50 жасқа келген мерейлі сәтің құтты болсын!

Өмір көшін біз бірге бастап едік, қалыпсың сен де 50 жасқа келіп, - ұл-қыз тәрбиелеп, жарыңды аялап, ата-анаңды қастерлеп, әкелік, жұбайлық, перзенттік парызыңды адал атқарып келесің. Әрдайым шаңырағымыздың тірегі, қамқоршысы, отбасымыздың берік діңгегі болдың. Талай асуларды табандылықпен жеңіп, нелер қиындықтарды қажырмен жеңдік. «Елу – тал түс» демей ме? Ендеше алдағы өмірде де туғанға сыйлы, кейінге үлгі бола бер. Күн жағымыздан көлеңке, жел жағымызға пана болып жүре бер! Денсаулығың күйлі-қуатты, ғұмырың ұзағынан, көрер қуанышың молынан болсын деймін.

*  *  *

50 деген жарты ғасыр бұл өмірде,
50 деген алтын той некеліге.
Елу жылда - ел жаңа деген сөз бар
Сол елуге өзің де келдің міне.

Қыздарың қиясына қонып жатыр
Келін алып жылы суға қолың батыр
Дүниеге келе берсін Таңғалиевтар
Алданыш қып солармен таңыңды атыр.

Құтты болсын мерей той, 50 жасың
Әр уақытта домалап өрге тасың,
Қосағыңмен қоса ағарып, шөбере сүй,
Ешқашанда көңіліңді кір шалмасын.

Тілерім ашық аспан, жұлдызды түн,
Жылдан жылға жақсарып денсаулығың
Немерелеріңнің қызығын қызықтай бер,
Атанып куәгері алтын тойдың.

*  *  *

Қызмет етіп, жан аға, елге күнде,
Еңбегіңмен биікке өрледің бе.
Зор денсаулық, мол бақыт тілейміз біз
Ердің жасы - елуге келгеніңде.

Зымырандай зуылдап барады күн,
Көңіліңнің қалауын табады інің.
Елу жаста болыңыз ел ағасы,
Бойға жиған бабалар даналығын.

*  *  *

Елуге келіп елге білінгенің,
Ақсақалдық атқа осы ілінгенің.
Қалың елің қаумалап келіп отыр,
Тойларың тойға ұлассын, інім менің!...

*  *  *

Елу – деген жүздің нағыз жартысы,
Елу деген – даналық қой, ол анық!
Оған жетсе елжірейді әр кісі.
Құттықтайды бар ағайын қол алып.
Ұрпағыңыз жүрсін дейміз
аяқ жаққа оралып,
Қуаныштың қамқасына жүріңізші оранып!

*  *  *

Елу жас - ердің жасы
Артта қалды бес асу мен бес белең,
Өрге тартып барады өмір-көш деген.
Елу деген – ердің жасы қызулы,
Жастық шақтың соңғы оттары өшпеген.

Дуылдатып дулы ортаның дүрмегін,
Бір ғанибет жарқ-жұрқ етіп жүргенің.
Елу деген – ердің жасы ең кемел,
Арысым деп арқаланар нұрлы елің.

Жұлдыз жанып, пейіліңе таң күліп,
Күз де жетті сыбаға алып, сән құрып.
Қалпыңыздан айнымаңыз – шат көңіл,
Басыңыздан бақ кетпесін мәңгілік.

Елу деген – ердің жасы еңселі,
Елу деген – парасаттың өлшемі.
Жарқылдасаң самғап ұшқан сұңқардай,
Азамат деп мақтан тұтар ел сені.
Тірлік – теңіз, ес елудің ескегін,
Әнге толсын, күйге толсын кештерің,
Шын жүректен бақыт тілеп сарқылмас,
Қол соғады барша әріптестерің.

Елу деген толы той мен думанға,
Тау секілді көрінеді тұлғаң да.
Құшақ-құшақ гүлін алып келіпті,
Ақ көңілмен бауыр, туыс-туған да.

Елу деген - ес тоқтату, есею,
Елу деген – елдің жүгін көтеру.
Туған күнмен құттықтаймыз өзіңді,
Қанжығаңа ілінсін деп қос елу.

*  *  *

Бір жақсы үлгі көріп әркім сізден,
Теңейді берері көп алтын күзге.
Елу жыл еңсеңізді биік ұстап,
Жүрдіңіз ел алдында жарқын жүзбен.

Елу жас - енді өмірдің басталғаны,
Жетіңіз талай шыңға, асқарға әлі!
Қос жанар - қос балаңыз аман болсын,
Сол емес пе ананың басты арманы!

*  *  *

Не жетсін бақ жұлдызы жағылғанға,
Бастауы берекенің табылғанға.
Биікте болсын әркез жұлдызың деп,
Тілейміз біздің бауыр ..... жанға!

Ауылға құт-береке орнағансын,
Ақтерек ардақтайды бел баласын.
Туыңды туған жерге тігіп едің,
Қыдыр-бақ қалай сені қолдамасын.

Қалдырып артта қалай қиындығың,
Ауылдың кәрі жасын сүйіндірдің.
Бірлікті, тірлікті де сақтаған ел
Шаттықтың шалқытады күйін бүгін.

Қоңыртөбе жағынан жел ескенде,
Есдәулет ақын рухы кеңескенде.
Елін жебеп жүргендей елестейді
Қараш батыр сонау бір белестерде.

Арналсын ...жанға ақ-адал күн,
Ер жасы елуіңде бағаландың.
Көркейіп Ақтерегің күннен-күнге,
Рухы қолдай берсін бабалардың.

Тұрғанда тағдыр-талай қыл ұшында,
Ауылдың қалдың сақтап тынысын да.
Жұртыңды жұмылдырып бір тілекке,
Таптың сен жұмысын да, ырысын да.

...жан, сүйіндірді нар талабың,
Халқыңның ақ алғысын арқаладың.
Жаныңның жақсылығы шуақ шашып,
Бөленсін бақыт-нұрға шартарабың.

Поздравления с юбилеем 70 лет на казахском языке

Құтты болсың 70 жасыңыз,
Сексеннің де сенгірігінен асыңыз.
Қуат алып, денсаулықтың нәрінен,
Жүзіп өтіп жүзге аяқ басыңыз!
Балалардың арасында жүріңіз,
Шаттық нардаң айық басын жүзіңіз!
Тілек еттік шың жүректен бәріміз
Мықты болып ұзақ өмір сүріңіз!
Бір Жаратқан жар болып, қорғай жүрсің,
Ата-баба аруағы қолдай жүрсің.
Құдағи мен құдағи тату болып,
Бір біріне сәлемін жолдай берсің!

*  *  *

Жүйрік уақыттың ұшқыр қанаты Сізді мағыналы ғұмырыңыздың биік бір белесі – 70 жасқа алып жетті. Сіз осы кемелдікке тың жігер, жарқын көңілмен келіп отырсыз.

“Қарттары бар ел – қазынасы бар ел” – деген сөз бар халқымызда. Осынау жылдар ішінде өмірдің талай белестерінен табысты өтіп, бүгінде өркен жайған алып бәйтеректей үлкен бір әулеттің ақылшы тірегі, арқа сүйері болып отырсыз.

Құрметті ............. аға! Біз сізді жан жүрегімізбен жарқылдай қуана отырып құттықтап, мерекелі мерейтой күні Сізге денсаулығыңыз күйлі-қуатты, ғұмырыңыз ұзағынан, көрер қуанышыңыз молынан болсын деп тілейміз! Мерейіңіз үстем, қадір-қасиетіңіз зор болсын.

*  *  *

Өткен күннің артта қалып елесі,
Тіршіліктің жылжи берер кемесі.
Басыңызға бақ пен ырыс сыйлаған,
Жетпіс жастың құтты болсын белесі.

Бұл 70 жас – қарттық жас емес, қазына жас,
Бала мен немеренің назына мас.
Біз сізге бақ тілейміз ортаймайтын,
Басыңыздан ешқашан ажырамас.

Өміріңіз ұрпаққа өнеге мың,
Тілейміз қуанышқа бөленгенін.
Жүзге келіп, марқайып отырыңыз,
Қылығына қуанып шөберенің.

*  *  *

Әрбір адамның өзіне тән ғұмыр жолы, тіршілік баяны бар, бірақ еткен еңбек, көрген бейнет, татқан зейнет, алған асу, жеткен биік әркімнің өмірінде әрқилы. Оны сырт көз өздерінше бағалап та жатады. Сондағы жалпының іздейтіні біреу: ол – кісілік келбет, азаматтық тұлға. Оған – дәл осындай адами асқақ қасиетке, қанша ғұмыр кешкенімен, жеткен де бар, жетпеген де бар.

Өзінің өнегелі өмір соқпағында сыйластық пен достықтың ұлағатын ұлықтап, үлкенге құрмет, кішіге ізет болар ұлттық дәстүрлерді үкілеп келе жатқан Бәкеңмен жарты ғасырдан аса достығымыздың жарасып келе жатқанын мақтан тұтамын. Сенің де мағыналы өміріңнің, шуақты шаңырағыңның алтын діңгегі - өмірлік қосағың Жәмиләң, оның жалғасы, ертеңгі мәуелі жемісі – бауыр етің балаларың мен алтын асықтай немерелерің. Бүгінгі 70 жасқа толған мерейлі мүшел тойыңда өзіңе денсаулық, ұзақ ғұмыр, әулетіңе баянды бақыт тілеймін!

*  *  *

Қалды артта
Жетпіс асу, қия шыңдар,
Сырбазсың, мінезіңде ұнасың бар.
Шұғыла шуақ төктің, айналаңа,
Жас жігіттей әлі де қуатың бар.

Жария боп жақсы атың алты Алашқа,
Келесіз үлгі болып барша жасқа.
Жүрегі аузын ашса көрінетін,
Базары жайсаңдардың тарқамас та.

Толқын аңқылдадың ақтарылып,
Жатыр ғой ақ пейілге жат табынып.
Ақ туын адалдықтың желбіреттің,
Жүрсең де астамсу жоқ атқа мініп.

Танытып еңбегіңмен сан қырынды,
Жақсыға шашу еттің жан нұрыңды.
Бөленіп құрметіне қалың жұрттың,
Арнадың еліңе сен тағдырыңды.

Қалыбың адамдықтың бір бұзбадың,
Ұяңнан түлеп ұшты ұл-қыздарың.
Өзіңнен өркен жайып, өнеге алған,
Тілейді сізге бақыт жұлдыздарың.

*  *  *

Аш қасқырдай бізді қамап бар кемдік,
От та жақтық, су да әкелдік, нан көмдік.
Мына өмірге көнтерідей көндігіп,
Келе-келе, бара-бара әлдендік.

Қарынымыз қампимай-ақ қойды асқа,
Күнкөрістен болған да емес ой басқа.
Қос кемпірге ере жүріп ербиіп,
Еңбек етіп, тер төктік біз қанша!

Еске алатын сәттер рас, көп бүгін,
Борандатқан, дауылдатқан өтті күн.
Жетпіс келіп жайғасқанмен желкеге,
Әлі бізге баяғыша жоқ тыным.

Жаса, Жәкем!
Мәуеледің, гүлдедің,
Өзіңменен өле-өлгенше бір демім.
Маған қуат берері хақ қашанда,
Сенің шалқып есен-аман жүргенің.

Тағдыр бізден алудай-ақ алды өшін,
Асың – асқа, басың – аман, жан досым.
Жетпісіңмен жолдасыңдай жымдасып,
Сексеннің де басыңа ора сәлдесін.

Көп алысқан қатарластың бірі едім,
Саған деген сарқылмайды тілегім.
Жан-жарыңмен, балдарыңмен жарқылдап,
Жүзге дейін соға берсін жүрегің.

*  *  *

Жақсылардың шапағаты жетелейді,
Өмір – мұхит, ал, оларды – кеме дейді.
Жол көрсетіп, дұрыс істі мақтан тұтса,
Онша-мұнша қателерді елемейді.

Ізгілікті қамтып алған теңіздейін,
Жақсыларды пана тұтып мен іздейін.
Мөлдір сезім жолын ашса жүрегіме,
Үмітімді ағалардан мен үзбейін.

Сізді, аға ойласам – мен шаттанам,
Тербеледі толқындай боп бақ талабым.
Жүрегімнің түкпірінде оянады
Жетпістегі сізге арнап жатқан әнім.

Шүкір деймін өзіңіздей жан барына,
Жақсылықты тілеймін мен жалбарына.
Сіз секілді аға болса – біздей іні
Алаңдамай қарайды ғой алдарына.

*  *  *

Сыр шертіп Көктем жайлы, қыс жайлы
Жетпісіне жеткендер жұртына жол нұсқайды.
Саясына мың түрлі құстар ұя салатын,
Жапандағы ғажайып бәйтерекке ұқсайды.

Менің ағам осындай бүгін алып бәйтерек,
Тұрған шағы саралап
өткен жолын қайта кеп.
Жиырма бес пен қырықтың арасында жоғалған,
Қайран жігіт күндері жіберетін жайпап от!

Аға жайлы тарихты ары тағы жалғасақ,
Ұл мен қызы кетті алыс әрбірі әсем арна сап.
Немере мен шөбере сүйген бүгін жайы бар
Қаратауды қақ жарар ұрпақтары – мол жасақ!

Шақырғаны осында – ауыл-елі-аймағы,
Қазақтардың бетке ұстар бағланы мен қаймағы.
Желкесіне жетпістің жеткерді Алла, шүкір деп
Құтты болсын,еліне ақ дастархан жайғаны!

*  *  *

70 жасқа толған мерейтойыңыз қайырлы-құтты болсын. Сіз елу жылға жуық отасқан жұбайыңыз Клара Уәхитқызымен өнегелі өмір сүріп, бақыттың бағында ұл-қыздарыңыздың қызығы мен қуанышына, немере, жиендеріңіздің сүйіспеншілігіне бөленіп, ағайын-туыс ортасындағы алтын көпірдей қадірлі қалыптарыңызды сақтап келесіз. Еңбекте де қажыр-қайратыңыздың арқасында талай абырой биігінен көрініп, ұрпағыңызға үлгі болар абзал жан ретінде өзіңізді танытып-ақ жүрсіз. Жүрегіңізге Алланың нұры құйылып, зор денсаулықпен жасай беріңіз.

Поздравления с 8 марта на казахском языке

О, періште Анам!
Келді көктем күнің,
Күлімдейді гүлің –
Алтын ойлы Анам,
Мерекеңіз бүгін!
Жұмақ-кұшак панам,
Күндей нұрлы санаң!
Қызығын көр ұл-кыз,
Еңбек сүйгіш Анам!
Жыртылмастан жағаң,
Шарықтасын жаңа ән!
Арманыңа жетші,
О, періште Анам!
Моя святая Мама!

Перевод:
Пришла весна, цветут цветы, моя золотая мама сегодня твой праздник! Ты для меня всегда будешь святым пристанищем. Трудолюбивая моя мама пусть тебя всегда радуют твои детки! Пусть сбываются твои мечты, моя святая Мама!

*  *  *

Кетті қысқы ызғар,
Еріп жатыр мұздар.
Мерекеңіз бүгін,
Қызғалдақтай қыздар!
Болса да өзге жүрек,
Адамға адам – тірек.
Сіздерге айтар мынау,
Мерекелік тілек:
Карау жүрсін қашық,
Алшы тұрсын асық.
Берекесін берсін,
Сіздер еткен кәсіп!
Әр таңдарың атқан,
Бақыт берсін батпан.
Кұрастырсын құдай,
Табысынды тапқан!

Перевод:
Ушли зимние морозы, тает снег. Сегодня ваш праздник цветущие как тюльпан девушки! Каждый человек будет опорой другому, а я сегодня хочу вам пожелать в этот праздник: желаю вам во всем удачи, пусть все ваши начинания заканчиваются благополучно! Каждый новый день приносит вам только счастье и успех!


*  *  *

Өмір саған жылы сөзін арнасын,
Қайғы-мұңға жүректе орын болмасын.
Жанарыңнан күн күлімдеп әрқашан,
Ай мен жұлдыз кеудеңе кеп орнасын.

Перевод:

Пусть жизнь посвятит тебе теплые слова
Пусть не будет места в сердце обидам и горю.
Пусть лицо твое сияет солнечным лучом
Пусть луна и звезды мерцают на груди твоей.

*  *  *

Барша Қазақстандық әйелдерді, көктемнің төл мерекесі халықаралық әйелдер кунімен шын жүрегімен құттықтаймын. Аналарымызға, апа-қарындастарымызға алла-тағала тек денсаулық, бақыт және әрине махаббат берсин. Көктем гүліндей құлпыра беріндер...

Перевод:

Всех женщин Казахстана поздравляю с весенним праздником – Международным днем 8 марта, желаем мамам, сестрам, бабушка крепкого здоровья, счастья. Цветите как весенний первоцвет.

*  *  *

Мейірім нұрын шашқан күнімдейсің
Өмірімнің қуат көзі өзің деймін
Жаным менің жалғысырап қалғандайын
Бір көрмесем өзіңді мен іздеймін

Перевод:

Лучи солнца ласкают вас
Ты – наша опора жизни
Скучаю очень без тебя
Если не увижу тебя.

*  *  *

Барша әйелдер қауымын 8 наурыз Халық аралық төл мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Көктемнің шуақты күндеріндей жүздеріңізден қуаныш пен мейрім шапағын шашып, әр адамның жанына шипа бола берсін. Бақыт пен денсаулық тілеймін!

Перевод:

Поздравляю всех наших женщин – с 8 марта международный женский день.
Желаю счастья, здоровья и исполнении желания.

*  *  *

Барша аналарды, апаларды, әжелерді, апкелерді, карындастарды көктемнің алғашқы мерекесі 8 наурыз халықаралық әйелдер мерекесімен шын жүректен құттыктаймын!Сіздерге ең басты бақытты тілеймін!!!Алла тағалам Сіздерге соны нәсіп етсін!

Перевод:
Поздравляем всех мам, бабушек и сестер с весенним праздником – 8 марта, желаем здоровья счастья.

*  *  *

Жалғыз жүріп жол табам деу далбаса,
Жігіт болсаң жар табуға қам жаса!
Ол бар жерде сен өзіңді зор сана,
Ол бар жерде басқа бақыт аңсама!
- деп Тұманбай ақын ағамыз жырлағандай мынау бүгінгі 8 - наурыз халықаралық қыз-келіншектер мерекесінің ұйтқысы қадірлі біздің гүлдеріміз! Құстың қос қанаты бар, адамның екі жанары бар. Күн мен түн бар, Ай мен Кун бар. Сіздерсіз жігіт журегі - жетім. Бугінгі сіздердің мерекелеріңіз өз сыңарын іздеген "жетім" - жүрек жігіттердің бақытының бастауы болса екен!Мереке соңы тойға ұлассын!

Перевод:

Одиночество не красит никого
Постарайся найти свою половинку,
Где есть она – ты гордись
Где есть она – ты другого счастья не ищи – так писал поэт Туманбай. 8 марта ваш народный праздник. Есть у птицы крылья, у человека глаза. Есть солнце и луна и день и ночь. Без женщин – сердце мужчины одиноко.

Звоните ежедневно до 23:00

Пишите на Viber 24/7